Все новости рунета Создание сайтов в актобе

Озаттар марапатталды

30-06-2016, 13:37   278  
Озаттар марапатталды

16 маусымда №2 қалалық емханада медицина қызметкерлері күні аталып өтілді.
Бас дәрігердің орынбасарлары Қамысбаева Күләш Ойтанқызы, Түнғатарова Мәншүк Айтжанқызы, Нұрбаев Сағыныш Қыдырбайұлы және кәсіподақтық комитетінің төрайымы Елшібаева Гүлнар кенжегараевна ұжым мүшелерін мерекемен құттықтады.
Емхана қызметкерлері Жазира Ізбанова, Руслан Ұзақбаев, медицина колледжінің түлегі Заңғар Аманғалиев халық және қазіргі әндерді шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мереке барысында 8 қызметкер облыстық денсаулық сақтау басқармасының, 27 қызметкер емхана әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасында ерлер командасы 21 команда арасында І орын, емхана ұжымы жалпы командалық есепте ІІ орын иеленген медик-спортшылар да марапатталды.

Озаттар марапатталды

Озаттар марапатталды

Озаттар марапатталды

Озаттар марапатталды

Сонымен қатар еңбек жолдарын осы емханада бастаған еңбек ардагерлері Макуова Злиха Макуовна, Амирова Мәрзия Жакпаровна өз лебіздерін білдіріп, бір шаттанып қалды. Кеш қонақтарын емхана әкімшілігі назардан тыс қалдырмай сый сиапаттарын ұсынды.
Назад
Вверх