Все новости рунета Создание сайтов в актобе

Денсаулық Күнідұрысы

14-07-2016, 13:40   183  
Денсаулық Күнідұрысы

24 маусымда Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы саябақта «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» девизімен «Денсаулық фестивалі" өтті. Оған қаладағы барлық ауруханалар мен емханалардың медицина қызметкерлері қатысты. Алдымен бас дәрігерлер өзгелерге үлгі болып, жаттығу жасады. Барлық ақ халаттылар сапқа тұрып, жаппай түрлі дене қимылдарын қайталады. Дәрігерлер осылайша ақтөбеліктерге салауатты өмір салтын насихаттаудың үлгісін көрсетті. Елімізде биыл басталған "Денсаулық" бағдарламасының басты бағыты да сол - денені шынықтыру арқылы ауру-сырқаудың алдын-алу.

Денсаулық Күнідұрысы

Денсаулық Күнідұрысы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев 2015 жылдың қорытындысы бойынша, облыс тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жас 4 айға тең екенін атап өтті. Бұл республикалық көрсеткіштен жоғары. Еліміздің басқа облыстары арасында Ақтөбе төртінші орында. Бұл жақсы көрсеткіш.

Денсаулық Күнідұрысы

Фестиваль кезінде үздік дәрігерлерге құрмет көрсетілді. Басқарма басшысы Әсет Қалиев алты медицина қызметкеріне "Денсаулық сақтау саласының үздігі" төсбелгісін тапсырды. "Шағала" шипажайының шаруашылық қызметкері Наталья Бондура "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды. Облыстық перинаталдық орталықтың акушері Рабиға Ақбарова Денсаулық сақтау министрінің "Құрмет грамотасын" иеленді. "Дәру" клиникасының терапевтік бөлімше меңгерушісі Светлана Феоктистова Елбасының "Құрмет грамотасын" алды. Денсаулық сақтау басқармасының дәріге жауапты маманы Айгүл Дүйсенбаеваға "Алтын дәрігер" медалі берілді. Ал, облыстық жедел жәрдем ауруханасының медбикесі Назкен Ерубаева республика бойынша "2016-жылдың үздік мейіргері" атанды. Назкен Ерубаева - облыстық жедел жәрдем ауруханасындағы интервенциялық кардиология бөлімшесінің ангиографиялық зертхана медбикесі. Бұл медицина маманының 25 жылдық еңбек өтіліндегі алғашқы жүлдесі.

Облыстық жедел жәрдем ауруханасы интервенциялық кардиология бөлімшесінің зертхана мейіргері мейірбикелер сайысына қатысып жеңіске жеткеніне қуанышты екенін, сенім білдіріп сайысқа жіберген басшылыққа, әріптестеріне алғысы шексіз екенін айтты. Біздің №2 емхананың Заречный-1 дәрігерлік амбулаториясының аға медбикесі Гүлмира Тақбердинова қалалық байқауда екінші орын алғанын мақтанышпен айта аламыз.

Денсаулық Күнідұрысы

«Денсаулық фестивалі» кезінде денсаулық сақтау қызметкерлері арасында өткен спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де марапатталды. Айта кету керек, бұл спартакиадада біздің №2 қалалық емхана қызметкерлері де белсене қатысқан болатын. Атап айтқанда, тоғызқұмалақтан Мирман Исағалиев жеңімпаз атанды. Жеңіл атлетика бойынша 800 метрге жүгіруде Азамат Қарамергенов бірінші орынды иеленсе, Жансерік Қожаев үшінші келді. Ал футболшыларымыз бен волейболшыларымыз жүлделі үшінші орынға қол жеткізді.

Денсаулық Күнідұрысы
Назад
Вверх