
Алдыңғы қатарлы аллерголог-иммунологтың қатысуымен оқыту №2 қалалық емханада өтті
Ақтөбе қаласындағы №2 қалалық емханада М. Оспанов атындағы БҚМУ-дың микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, «Батыс Қазақстан аллергологтар, иммунологтар және пульмонологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, жоғары санатты аллерголог-иммунолог дәрігер, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллергологы — Хайруллина Замза Сайфуллинқызымен оқу сабағы және нұсқаулық өткізілді.
Сапар барысында бронхиальды астманың және созылмалы обструктивті өкпе ауруының (СОӨА) күрделі жағдайлары бар пациенттер қабылданып, консультация берілді.
Бұл аурулар тыныс алу жолдарының созылмалы патологияларына жатады және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін тұрақты бақылауды, дер кезінде диагностика жүргізуді және жеке терапияны таңдауды талап етеді.
Өткізілген оқыту мамандардың кәсіби білім деңгейінің артуына ықпал етіп, болашақта халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
