Бүгін, 13.11.2025 жылы, №2
қалалық емханаға «Ансар» ақпараттық-талдау
орталығының теологы Саматов С.С. және Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы Жумагулеева Н.А. келді.
Келу мақсаты – екпеге қарсы көзқарастағы ата-аналармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында келген мамандар мен медицина қызметкерлері халық арасында вакцинацияның маңыздылығын, инфекциялық аурулардың алдын алу жолдарын, сондай-ақ екпеден бас тартудың салдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Сонымен қатар, №2 қалалық емхана дәрігерлері де ата-аналармен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, вакцинацияның денсаулық үшін маңыздылығын атап өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ата-аналар арасында екпеге деген сенімді арттыру және тұрғындар арасында профилактикалық иммунопрофилактика жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру болды.
