СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАЙДЫ «ДӘЛ ҚАЗІР
Онкологияның бұл түрі әйелдермен қатар, ерлерде де болады. Бірақ, әйелдерде ең көп кездесетін дерттің бірі. Өкінішке қарай, Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі өкпе және колоректальды обырдан оқ бойы озып тұр. Әдетте, бұл дерт сүт безі тінінде киста немесе түйін түрінде пайда болады. Бұл жасушалар лимфа жүйесі немесе қан тамырлары арқылы қоршаған тіндер мен мүшелерге таралуы мүмкін. Ауруды асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғады.