«Нашақорлық,алкоголизм,СПИД және құмар ойын»
«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!!!»
2023жылдың маусымның 21-не «2 Қалалық емхана» Нарколог Надольская М.В, мед.психолог Акимбаев С.Р, СӨСҚ дәрігері Сәндібекова А.Б мамандары Қ.Жұбанов атындағы университетінің «Құқықтану»факултетінің студенттеріне «Нашақорлық,алкоголизм,СПИД және құмар ойын»туралы дәріс оқылды.
Нашақорлық- наркомания ( грек тілінен narke - мелшию және mania - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады.
«Денсаулық-зор байлық». Дені сау ұрпақ болу үшін:
1.Спортпен айналысу керек
2. Салауатты өмір салтын ұстану
3. Дұрыс дәруменді тағамдармен тамақтану
4. Жеке бас тазалығын сақтау
5. Өзін-өзін сыйлау, таза ауада болу
Маскүнемдік (алкоголизм)- спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Негізгі емі витаминотерапия, дәрі-дәрмектер (инсулин, атропин, аминазин, т.б.) пайдалану. Сонымен қатар, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар.