Адрес сайта
Телефоны регистратуры:
+7 (7132) 21-15-45
+7 (7132) 21-93-15
+7 (7132) 21-10-39
+7 (7132) 21-10-53
+7 (7132) 52-52-00
+7 (7132) 21-95-02
Версия для
слабовидящих
» » ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысында МӘМС жүйесін енгізуге әзірлік аудитін жүргізді
12
декабрь
2019

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысында МӘМС жүйесін енгізуге әзірлік аудитін жүргізді

Облыстың 2020-шы жылы МӘМС жүйесін енгізуге дайындығымен танысу үшін Ақтөбеге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет және республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы директорының орынбасары манат Искаков келді.

Өңірлік штабтың отырысында Т.Тұрмағанбет ақтөбеліктерді толық медициналық сақтандыру жүйесімен қамту, барлық медициналық ұйымдарда ақпараттық жүйелерін интеграциялау, өңірдің әр тұрғынының сақтандыру мәртебесін анықтау маңыздылығын атап өтті. 

«Аймақтың әр тұрғыны МӘМС жүйесі туралы ақпараттандырылған болуы керек. Сондай-ақ өз-өзін жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздармен жұмысты жеделдету қажет. Ешқайсысы медициналық көмексіз қалмасын. Қалған аз уақыт ішінде медицина қызметкерлері, емханалармен жұмысты күшейтейік,-деді министрлік өкілі. 

Республика бойынша медициналық көмекті қаржыландырудың жалпы көлемі 2020-шы жылдың 1-қаңтарында МӘМС жүйесі енгізілісімен 1,5 есе,яғни 1,569 млрд теңгеге өседі.

«Соның ішінде қалпына келтіру емі, паллиативті көмекті қаржыландыру көлемі 9 есеге, кеңес беру-диагностикалық көмек 6,5 есеге, стационаралмастырушы көмек 2,3 есеге артады.

Ақтөбе облысы бойынша 2020-шы жылы қаржыландыру көлемі 57 миллиард 187 миллион теңге болады деп жоспарланып отыр. Бұл 2019-жылғы бюджетпен салыстырғанда 25 пайызға артық.

Соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) -40 миллиард 054 миллион теңге. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 17 миллард 132 миллион теңге жаратылмақ, -дейді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ке АҚ АОФ директоры Гүлмира Кужаниязова.

МӘМС жүйесі бойынша жалпы қазақстандықтарды  медициналық көмекпен қамту 95 пайыз көлемінде болады деп жоспарланған (МӘМС жүйесін енгізуге қатысты кеңес етілген шектік деңгей 80 пайыздан кем емес).

МӘМС жүйесін енгізуге өңірдің техникалық дайындығы да жоғары:  компьютерлермен қамтылған, барлық мемлекеттік медициналық мекемелерде ақпараттық жүйелер енгізілген. Жеке клиникалардың ақпараттық жүйемен қамтылуы 100 %құрап отыр.

 «Бәсекелестікті дамытып,  ТМККК көрсетуге жеке секторды тарту  арқылы халықты қолжетімді, сапалы медициналық көмекпен қамтуға барлық жағдай жасалып жатыр»,- деп атап өтті фонд өкілі. 

Бүгінде облыста медициналық көмек көрсетуге мүдделі денсаулық сақтау субъектілері базасында 104 медициналық ұйым бар. Оның 45-і мемлекеттік, 59-ы жекеменшік. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін (ТМККК)көрсету үшін  63 медициналық мекемемен келісімшарт жасалды. Оның 37  (58,7 %) -мемлекеттік, 26- (41,3 %) жекеменшік клиника.

Келесі жылдың бастапқы 3 айында елдің барлық тұрғыны шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Қазақстандықтар, оралмандар мен елде тұрып жатқан шетелдіктер  үшін мемлекет тарапынан ТМККК тегін, қолжетімді болып қала береді. 2020-шы жылдан бастап тегін медициналық көмек пакеті Қазақстанда тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар үшін де көрсетіледі. Бұл пакетке алғашқы, шұғыл, жедел жәрдем, диагностика мен созылмалы, әлеуметтік ауруларды емдеу, дәрімен қамту кіреді.  Мемлекет зейнеткер, 18 жасқа дейінгі балалар, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, декреттік демалыстағы жүкті келіншектер, мүгедектер секілді әлеуметтік 15 санатқа енетін 10 миллион қазақстандық үшін медициналық сақтандыру қорына жарна төлейді. Азаматтар МӘМС жүйесі бойынша медициналық көмекті өз бетінше жарна төлеу арқылы да  ала алады.  Төлем терминалдары МӘМС жүйесіне қатысушы барлық медициналық мекемелерде орналастырылатын болады

 Анықтама:

МӘМС төлемдері мен жарналарын екінші деңгейлі 25 банктің кассаларына төлеуге болады.

Бүгінгі күні төлем жасаушылардың МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, «Каспий банкі» АҚ, «Шинхан Банк Казахстан»,  «Tengri Bank»,   «Bank RBK»,  «ДБ Банк Китая в Казахстане»,  «ДБ Казахстан Зираат Интернешнл Банк» АҚ интернет-банкингтеріне,сондай-ақ, «Қазақстан халық банкі» мен «Қазпошта» АҚ терминалдарына төлеуіне мүмкіндіктері  бар.

Жыл соңына дейін елдің барлық медициналық ұйымдарында терминалдар қондыру жоспарда (QIWI, Касса24), сонымен қатар «Форте банк» пен  «Банк ЦентрКредит» АҚ мобильді қосымша/интернет банкингтері қосылады.

Аталмыш арналар арқылы МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызметті талап етуші сақтандырылмаған тұлғаға медициналық ұйымның  ғимаратынан шықпай-ақ,  терминал, интернет банкинг мүмкіндігін пайдаланып, сақтандырылған мәртебесін алуға мүмкіндігі бар.