МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМҒА ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?
Емханаға қалай тіркелуге болады және өтінім бойынша Сізге қанша уақытта жауап беру керек, инфографикадағы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан біле аласыз.
Енді олардың ерікті медициналық сақтандыру шарты (ЕМС) болуы тиіс. Кестеде механизм қалай жұмыс істейтінін көрсеттік.
Сондай-ақ, емхананы таңдау кезінде оның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болып табылатынына немесе табылмайтынына міндетті түрде назар аударыңыз. Бұл өте маңызды, өйткені Сіз ертең МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығыңызды пайдалана алуыңыз осыған тікелей байланысты.
www.fms.kz сайтында "Емхананы таңдау" бөлімінде танысуға болатынын ескертеміз.
Науқан кезеңінде МСАК ұйымына бекітіле отырып, Сіз онда медициналық көмекті 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қана ала бастайсыз. Яғни, 31 желтоқсанға дейін Сізге бұрын тіркелген емханада қызмет көрсету жалғастырылады.