21
январь
2021
Мемлекет пен азаматтардан түсетін түсімдер мен жарналар есебінен 2020
жылы Қор медициналық қызмет көрсетудің бірнеше бағытын қаржыландыру көлемін арттыра алды – бұл бейінді мамандардың консультациясы, диагностика, күндізгі стационарларда қызмет көрсету, оңалту, деп ОКҚ брифингінде ӘМСҚ басшысы Болат Төкежанов мәлімдеді.
Әрбір адам медициналық сақтандыруды пайдаланған жоқ, бірақ оның жарналары мыңдаған басқа пациенттердің өмірін сақтап қалуға жұмсалды. Қажет болғанда оларға көмек қолы созылатын болады. Сондықтан медициналық сақтандыру міндеттілік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген.